#qyzylordatv
Тәуелсіздік күнінде үстел теннисінен облыс әкімінің жүлдесіне арналған ашық біріншілік өтті. Байрақты бәсекеге облыстың түкпір-түкпірінен 100-ден астам спортшы қатысты.
Жарысқа қатысушылар үш деңгей бойынша жүлдені сарапқа салды. Ерлер екі лигада үздікті анықтаса, әйелдер лигасы да тартысты ойындарымен көрерменді тәнті етті.
Ашық біріншілікте халықаралық жарыстарда жүлделі болып жүрген өрендер де бақ сынады. Солардың бірі - үш жылдан бері тенниспен шұғылданатын Аделя Әлжанова. Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері бұл жолы екінші лигада ерлермен қатар топқа түсті.
Жарыс қорытындысында Бірінші лигада Ернар Ибрай алтыннан алқа тағынса, Екінші лигада Әлішер Мұхитттан айласын асырар ешкім болмады. Ал Әйелдер лигасында Ақназ Әлімжан үздік атанды.