#qyzylordatv
«Жастар арасындағы жұмыссыздықтың аймақтық ерекшеліктері және оны төмендету жолдары». Осындай атаумен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Жастардың жұмыспен қамтылуы білім ошағының басты басымдықтарының бірі. Сондай-ақ, оқу орнында студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту мен жұмыс берушілермен серіктестікті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Университет ғалымдары жеке компаниямен бірлесіп, ғылыми зерттеу жобасын іске асырған. Осы арқылы жұмыссыздықтың айтақтық ерекшелігін екшеп отыр.
Жастар ресурстық орталығының мамандары өңірдегі Neet санатындағы жастармен жұмыс жайын ортаға салды. Қоғамнан тыс қалған жастарды әлеуметтік бейімдеу, білім мен жұмыспен қамту мүмкіндіктеріне тоқталды.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысына облыстық қоғамдық даму басқармасы және қалалық Мансап орталығының мамандары қатысып, пікірлерімен бөлісті. Ғалымдар өңірде еңбек нарығының сұранысына сай кадр даярлау ісіне көңіл бөлу керектігін айтады. Әрі ғылыми талдау білім беру ұйымдары және мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайту керектігін көрсетті.