#qyzylordatv

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынады. Ашхабадта өткен бейбітшілік пен сенім форумында Мемлекет басшысы осындай бастама көтерді. Президенттің пікірінше, су тапшылығы үлкен проблемаға айналып келеді. Бұл ресурсты сақтау әрі ұқыпты пайдалану - өмірлік маңызы бар басымдық.

 Түрікменстан. Азия кіндігіндегі томаға тұйық жатқан ел. 30 жыл бұрын бейтараптық ұстанымын ұлттық идеяға айналдырды. Осы мерейлі меже мен ресми Ашхабад ұсынған Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына орай, ақ мәрмарлы қалада 15-ке жуық елдің басшылары бас қосты.

Бейбітшілік біздің елдің де басты бағыты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрікмен елінің бастамасын қуаттайтынын айтты. Қазір жахан тұрақтылыққа зәру. Жекелеген кикілжіңдердің реттелгеніне қарамастан, әлемдегі жалпы ахуал әлі де ушығып тұр. Президенттің пікірінше халықаралық құжаттар құр сөз күйінде қалып, Біріккен Ұлттар Ұйымының беделі мен тиімділігі төмендеген.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ //Сол себепті Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына жан-жақты реформа жүргізуді, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейтіп, Бас Ассамблеяның рөлін нығайтуды қолдайды. Бас Ассамблеяның 80-ші сессиясы аясында мен БҰҰ жүйесін реформалау жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін пікірлестер тобын құру идеясын көтердім.//