#qyzylordatv
Биыл облыста 40 кәсіпорынға қатысты мониторинг жүргізіліп, оның ішінде 32 ұйымның қызметін заңсыз кеңейткені немесе монополияға қарсы органның келісімінсіз жұмыс істегені анықталды. Бұл туралы облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы брифингте баяндады.
Департамент бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды және мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін өзгерту туралы өтініштерді қарауды жүзеге асырады. Осы бағытта жыл басынан бері бірқатар жұмыстар атқарған.
ДАМИР ТОҚЖАНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
//2025 жылдың қорытындысы бойынша департамент нарық субъектілері мен мемлекеттік органдарға бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілеріне қатысты 4 ресми хабарлама жолдаған. Ұлттық жекешелендіру басқармасының қорытындысы бойынша Қызылорда облысында жекешелендіруге жататын 18 квазимемлекеттік сектор субъектісінің тізімі жасақталды. ...\