#qyzylordatv
Президент «маңызды мәселе – пенитенциарлық мекемелер мен полицияның қызметтік орындарында адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету» деген болатын. Және құқық қорғау органдары қызметінің видеобақылау тұжырымдамасын қайта қарастыру керектігін атап өтті. Сол тапсырма облыста қалай орындалуда? ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің біздің облыс бойынша өкілі жанындағы сараптамалық кеңесте осы мәселе қаралды.
Президент «полиция учаскелерінде бейнебақылау жүйесі болып жатқан жағдайдың мониторингін тиісті деңгейде қамтамасыз етпей отыр» дей келе, ұсталғандар, күдіктілер мен сотталғандардың қамаудағы жағдайына қатысты ақпарат ашық болуы тиістігін жеткізгені мәлім. Ал, анығында жағдай қалай? Шыны керек, әлі де шешімін таппаған мәселелер менмұндалайды
Полицейлік учаскелерде орын алған олқылықтарға қатысты сала өкілі былай деп жауап берді:
Әрине, көлемді деген кем-кетік тұстарды ретке келтіру үшін қаражат керек. Ал, кей жағдайларда қарапайым жауапкершіліктің жетіспей жатқаны анық байқалады.
Сараптамалық кеңес отырысының шешімімен орын алған кемшіліктерді жою туралы тапсырма берілді. Және оның нәтижесіне көз жеткізу үшін алдағы жылдың алғашқы тоқсанында тағы бір зерделеу жұмыстары жүргізілетіні алға тартылды.