#qyzylordatv
Қызылордалық полицейлер ірі мөлшерде ақша бопсалаған күдіктіні ұстады.
Қала тұрғыны желіде жәбірленушінің қызметі туралы жалған мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, қомақты қаражат талап еткен. Аталған дерек бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жүргізіп, күдіктіні қолға түсірді. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүруде.