#qyzylordatv

Бүгінгі таңда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет құрылымында шамамен 53 пайызды құрайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ

 Бүгінгі таңда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар ел бюджетінің шамамен 53 процентін құрап отыр. Шығындар әлі артып келеді. Мысалы, МЭМС жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 300 млрд теңге бөлінсе, 2026 жылы ол сома 800 млрд теңге болып жоспарланған. Орташа жылдық өсім шамамен 24 пайызды құрайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын шығын 2020 жылы 1 трлн теңгеден асса, 2026 жылы ол 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғаймақ