#qyzylordatv
«Еңбек адамы – қоғам тірегі» тақырыбымен Қызылорда облысы бойынша әйелдер күші альянсы жылдық қорытынды шарасы өтті. Жиында ұйымның бір жылда атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлары таныстырылды.
Еңбек адамын дәріптеу, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруды мақсат еткен шараға түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді әйелдер, қоғам қайраткерлері мен еңбек ардагерлері жиналды. Басқосу барысында әйелдердің қоғамдағы рөлі, көшбасшылық қабілеті мен әлеуметтік белсенділігін арттыру мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, жаңадан сайланған жетекші алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті. Шара барысында қоғам дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қыз-келіншектер марапатталды.
ШАМШАХАР ҚАНҚОЖАЕВА – КІТАПХАНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Енді кітапхана саласында 44 жыл жұмыс жасадым. Сол еңбегімнің нәтижесі деп айтсам болады. Еңбек адамдарының рухы биік болсын.