#qyzylordatv
Аймақта жеңіл атлетикамен айналысатын жастар қатары көбейіп келеді, бұл қуантады, әрине. Жыл қорытындысымен жақсы нәтиже көрсеткен спортшыларға сертификаттар табысталып, үздік спортшы және үздік бапкер деген номинациялар тағайындалды.
Жеңіл атлетика – Олимпиада ойындарының басты спорт түрлерінің бірі. Аймақта бұл спорт түріне қызығатын жастар аз емес. Бүгінде олар шетелдерде де ел намысын қорғап, дүбірлі додаларды бақ сынап жүр. Федерацияның облыстық филиалы ұйымдастырған бұл шараның да басты мақсаты – жас спортшылар мен бапкерлерін қолдау. Жиынның өтуіне «BIALI спорт» серіктестігі демеушілік жасаған.
БАҚТИЯР АРТАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бірінші кезекте осындай Асхат бауырымызға алғыс білдіремін. Жалпы федерациялар өңірімізде қазіргі таңда қарқынды жұмыс жасауда. Басқарма өз тарапынан, әкімдік, мемлекет тарапынан қолдау жасаса, федерация өз тарапынан жеке қаражаттармен осындай спортшыларды қолдау жасап жатыр. Осындай азаматтардың арқасында спортшыларымыз еленіп жатыр.Бұл қуантарлық жағдай. Сондықтан осындай азаматтарымыз көп болсын.
Жиында жас спортшының бірі Асылзат Ерланқызы қыздар арасында «Жылдың үздік спортшысы» номинациясын иеленді. Ол 6 жылдан бері жеңіл атлетикамен айналысып келеді. Мақсаты айқын спортшы биыл жасөспірімдер арасында өткен VI Азия Чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
АСЫЛЗАТ ҚЫДЫРБАЙ – СПОРТШЫ
Осы жылы көптеген Қазақстан чемпионатына қатыстым және Қазақстан чемпионатының күміс, қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы, чемпионат Азиядан қола жүлдегері болдым. Және осы жылы мен спорт шеберіне үміткер орындадым. Болашақта осы спортты жалғастырғым келеді. Бақтияр Артаев сияқты олимпииский ойындарына қатысып, жүлде алып, осы жеңіл атлетиканы дамытқым келеді.
Ал «Жылдың үздік жаттықтырушысы» болып Рашида Талғатқызы танылды. Білікті бапкер жеңіл атлетикамен 8-9 жастан бастап айналысқан дұрыс дейді.
РАШИДА САРБАСОВА – ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Мен 2005-тен бастап жұмыс істеймін ғой жеңіл атлетикамен. Оған шейін өзім спортпен айналыстым. Өзім Қазақстан чемпионатының жеңімпазымен және әлем чемпионатына қатысушымен екі рет. 1.05 Біз негізі 9 жастан бастап қабылдайды ғой легкий атлетикамен.
Жарыстарда топ жарған спортшыларды үздіксіз настихаттайтын Қызылорда телеарнасының «Бәйге» хабары мен «BIALI» спорт дүкенінің атынан жас спортшыларға сертификаттар табысталды.
АЛИНА РАҚЫМЖАНҚЫЗЫ – СПОРТШЫ
Осы спортпен айналысып жүргеніме екі жылдан астам уақыт болды. Биыл да өте көп турнирлерге қатыстым. Әртүрлі жеңістермен оралдым. Мен осы жылы Алматы қаласына барып 3-орын иеленіп қайттым. Болашақта осы дзюдо спортымды жалғастырып, жүлделі орындар алып, биіктен көрінгім келеді.
ҚАНАТ ПІРНАЗАРОВ – СПОРТШЫ
Мен 12 жастамын. Мен бокс спортына қатысамын. Биыл көптеген жарысқа қатыстым. Астана, Алматы және ауылдарға бардым. Болашақта Әлем чемпионы болғым келеді.
Жеңіл атлетика федерациясының облыстық филиалы жыл бойы ашық біріншіліктер ұйымдастырып, үздіктерді анықтады. Мұндай жарыстар алдағы жылы да жалғасатын болады.
АСХАТ ШӘУКЕНБАЕВ – ҚР ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
2025 жыл бізде жеңіл атлетика Қызылорда облыстық федерациясына жемісті жыл болды. Азия ойындарынан жүлдегерлер келді бізге. Үшінші орын алып келді. Және де облыстық, республикалық жарыстарда жақсы-жақсы орындарды алып келіп жүр. Соның нәтижесінде бүгін жылдық қорытынды есебімізді бердік. Бір жыл бойы жақсы нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінген біздің спортшыларымызды кішкене де болса демеу мақсатында сертификаттар табыстап, үздік спортшы және үздік тренер деген номинациялар тағайындадық. Жыл бойына федерация тарапынан ашық біріншіліктер өткізіп келеміз.Осы жеңіл атлетиканы халықтың арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырып келе жатырмыз. Осы жеткіншектердің арасынан әлем және Олимпиада чемпионы шығады деп сенеміз.