#qyzylordatv #президентсұхбаты

«Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік желі адамның ойлау қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтарды қазірдің өзінде кездестіруге болады», -деді мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында. Расында, қазіргі таңда баспасөз заман талабына сай бейімделіп, ақпарат айдынынан өз орнын тауып отыр. Бұл белгілі журналист, «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлының пікірі

НҰРЛАН КӨБЕГЕНҰЛЫ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ЖУРНАЛИСТ

// Мемлекет басшысы жыл қорытындысымен қазақ газетіне сұхбат беруін мен баспасөзге құрмет деп есептеймін. Әрине, әр сұхбатында өзіндік ерекшелік бар. Соның ішінде биылғы сұхбатында баспасөзге аса мән берді және оның өміршеңдігін өзінің тіліне тиек етті. Баспасөздің тарихы сонау 19 ғасырдың басында басталады. Былайша айтқанда журналистиканың атасы есептеледі. Соған қазіргі көзқарас қалай дегенде қазіргі газет-журнал жазудан және оқырманнан тұрады. Бірақ, көптеген басылымдарға оқырмандар немқұрайлық танытуда. Оның себебін неден іздейміз дегенде қазір бәрі интернетте тұр. Президент сұхбатында ол тек ақпарат емес, баспасөзде танымдық дүниелер, жеке адамның өмірі мен қоғамдағы рөліне байланысты көптеген зерттеулер, ой-толғамдар, сұхбаттар беріледі. Ол оқырманның дамуына өте қажет. Президент сұхбатында баспасөзге мән беру ғана емес кітап оқуға да аса ден қойды.//