#qyzylordatv
Қалалық ардагерлер кеңесінің кезекті 16-шы отырысы өтті. Өткен жылды қорытындылауға арналған жиында Пленум және Алқа құрамдары сайланды. Ал, алқа мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы болып Өмірбек Шәменов сайланды.
Бүгінде бас шаһардағы бастауыш ұйымдарда 35 мыңнан астам ардагер бар. Қалалық ардагерлер ұйымының ұйытқы болуымен былтыр бірқатар мәдени-рухани шара ұйымдастырылған. Бұқаралық спортты дәріптейтін түрлі сайыстар өткізілді. Ардагерлердің денсаулық мәселесі де назардан тыс қалмапты. Қазыналы қариялар Мерке, Сарыағаш, Манкент, Жаңақорған демалыс орындарында тынығып қайтқан. Мұнан бөлек, алыс-жақын өңірлерді аралап, тарихи орындарымен танысты.
ШАКИЗАТ ТӨРЕБАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Қалада жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінде 6700 зейнеткерлер мен мүгедектерге арнаулы қызмет көрсету орталығына жіберілсе, 335 млр.теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілді. Сондай ақ үш жылдың ішінде, 23 жылы 430, 24 жылы 458, 25 жылы 503 ардагер қалалық ардагерлер ұйымында демалған екен. Әрбір мерекеде ардагерлерге мерекелік дастархан жасалып, ісшараларға шақыру, мерейтойларын атап өту, жетімсіз отбасыларына жәрдемдесу қалыпты жағдайға келтірілді.
Жиында өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, биылғы жоспар бекітілді. Мұнан соң, Пленум және Алқа құрамдары сайланды. Алқа мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде қалалық ардагерлер ұйымының төрағалығына Өмірбек Шәменов сайланды.
Жиын соңында қарияларға сый-құрмет көрсетіліп, «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттар» табысталды.