#qyzylordatv
Облыс орталығында филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлының 80 жасқа толуына орай мерейтойлық іс-шаралар легі басталды. Ғалым Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде білім алушыларға ашық дәріс өткізді.
Жеңіс Сәдуақасұлы – еліміздегі білім мен ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Дәріс оқуға келген ғалымды әріптестері мен шәкірттері ыстық ықыласпен күтіп алды. «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы ашық дәріске студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
ЖЕҢІС СӘДУАҚАСҰЛЫ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Бүгінгі менің дәрісімнің негізгі мәселесі қазақ тіліндегі проблемалық мәселелер деп аталады. Бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі грамматика деген бар бізде. Кеңес дәуірі тұсында оқылған. Дәстүрлі грамматиканың ішіндегі проблемалық мәселелермен бірге соңғы кезде қазақ тілінде болып жатқан жаңа мәселелер, жаңа ғылыми теориялық проблемалық мәселелер жөнінде болды негізінен. Студенттердің қабылдау деңгейі қалай болады,оны енді студенттер біледі ғой өздері. Дегенмен қазіргі проблемалардың ішіндегі әңгіме қозғағаным – дәстүрлі грамматиканың ішіндегі морфологияға қатысты бір мәселелер.
Ғалым 1946 жылы Арал ауданында дүниеге келген. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында білім алған Жеңіс Сәдуақасұлы білім саласында табысты еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ол 150-ге жуық қазақ тіліне қатысты ғылыми және әдістемелік еңбектер мен мақалалардың авторы.
АМАН АБАСИЛОВ – ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР
Жеңіс Сәдуақасұлы тек қана университетке емес, бүкіл Қазақстанға, Қазақстан ғылымна еңбек сіңірген үлкен профессор. Ол қазақ тілінің синтаксис саласының қазіргі ақсақалы.Осы синтаксис саласында көптеген еңбек сіңірген, сөйлемнің түрлері, сөйлемнің құрылысы, оның әртүрлі проблемалары бойынша түрлі монографиялардың, түрлі диссертациялық жұмыстардың жетекшісі, соның авторы.
Ғалым дәріс кезінде сөздердің дұрыс қолданылуы, сауатты аударма жасау туралы да сөз қозғады.
ДИНА РЫСБАЙ – СТУДЕНТ
Көптік жалғау секілді қазақ тілінің ережелерін ол бізге дұрыс айту керектігін нақты үйретті.Теледидарда кейбір сөздердіол кісі мысал ретінде айтып өтті.Соларды тіл маманы ретінде дұрыс қозғай білуіміз керек,дұрыс айта білуіміз керек екенбіз. Және кейбір сөздерді орыс тілінен тікелей аударма жасаймыз, ал ол дұрыс емес екен.
Жылдар бойы қазақ тіл білімін зерттеген ғалымның дәрісіне қатысу студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Көпті көрген, тәжірибелі ұстаз аз уақыттың ішінде білім алушыларға нағыз керек ақпараттарды жеткізді. Ал ертең ғалымның «Тілім – тірегім» атты кітабының тұсаукесері өтеді.