#qyzylordatv
Күдікті транзакцияларды жылдам анықтайтын Антифрод-орталығы күмәнді 1279 есеп-шотты бұғаттады. Бұл құқық қорғау органдарының былтыр атқарған жұмысының бір парасы ғана.
Ал алаяқтық істер бойынша 406 дроппер анықталған. Полицейлердің айтуынша, қазіргі таңда алаяқтықтың ең кең таралған түрі – интернет арқылы жасалатын қылмыстар. Онлайн сауда жасау, қаржылық операцияларды орындау және түрлі қызметтерге тапсырыс беру азаматтардың өмірін айтарлықтай жеңілдеткенімен, бұл жағдай кибералаяқтардың жаңа тәсілдермен қылмыс жасауына мүмкіндік беріп отыр.
СЕРІК ЕРГЕШОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Әлі де болса өзекті болып тұрған мәселелер бар. Тоқталып өтсем: алаяқтық, интернет алаяқтың қылмыстары. Өткен жылы интернет алаяқтықтар алаяқтыққа қарсы күрес негізі басым бағыттардың бірі болды. Интернет алаяқтық қылмыстарының саны өскен мен олардың ашу пайызы жақсарып, республика бойынша қылмысты ашудан алдыңғы қатардамыз. Антифрод жүйесі арқылы күдікті операцияларды бұғаттау алдын алу жұмыстары жүргізілді. 7000-ға жуық алаяқтық белгілері бар сайттар мен сілтемелер анықталып бұғаттау үшін кибернадзор жүйесіне енгізілді. Бұл бағытта жұмыс алдағы кезеңде де жалғасын табатын болады.
Жалпы қылмыстылық деңгейі аймағымызда 2,5 пайызға төмендеген. Соның ішінде қоғамдық орындарда және көшеде жасалатын құқық бұзушылықтар азайған.
РИЗАБЕК ОЖАРОВ – ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ 9374
Атап айтсақ, аса ауыр -2% , орташа -4,8% , онша ауыр емес -3,5%, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру -4% (49/47), тонау -48,6, қорқытып алушылық -18,8% (32/26), ұрлық -50%, қоғамдық орындарда -10,8%, оның ішінде көшеде жасалған қылмыстар -7,7% төмендеді. Өңірде қылмыстың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтар азайды, ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 100 пайызды құрайды.