#qyzylordatv
Бүгін Үкімет «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті.
Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген құжат 2026-2030 жылдарға арналған. Төрт негізгі бағытты қамтиды. Яғни, білім беру, денсаулық сақтау, отбасы құқығы және әлеуметтік қорғау сияқты салалардағы балалардың құқықтары қарастырылған. Сондай-ақ буллингті анықтау үшін бейнебақылау камераларына Жасанды интеллект технологияларын енгізу, құқыққа қайшы контентті жоймағаны үшін интернет-платформалардың жауапкершілігін күшейту сынды маңызды мәселелер қолға алынады.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА - ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ
Жүзеге асыру үшін 158 іс-шара көзделген. Қаржыландырудың жалпы көлемі – 1,3 трлн теңгені құрайды.0947—Тұжырымдама аясында мектептерде педагог-психолог сағаттарын енгізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға 40 көмек кабинетін ашу жоспарлануда.