#qyzylordatv

Ақсуат ауылдық округінде «Агроаймақ» жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл мал басын көбейтіп, асылдандыруға ниет білдірген шаруаларға тиімді болмақ.

Былтыр Ақсуат ауылдық округінде «агроиндустриялық» аймақ құрылып, халыққа жер телімі үлестірілді. Енді осы учаскелердің инфрақұрылым мәселесі шешілмек. Қазіргі таңда жарықтандыру және сумен қамтужұмыстары пысықталуда.

  НҰРБОЛАТ БАҚЫТОВ – АҚСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

 Қазіргі таңда халыққа толығымен түсіндірілді. Бұл жөнінде қоғамдық кеңес бар, ардагерлер кеңесі бар барлығы кіресе отырып, бордақылаумен айналысу бағытында ауыл тұрғындарына сол жаққа жер телімін беріп 10 соттықтан сол жақта кәсібін одан әрі дамытатын болады.

Сондай-ақ биыл ауылдық округтегі 32 көше толықтай электр желісімен қамтылмақ. Тағы бірнеше көшеге асфальт төселіп, түнгі жарық бағаналары іске қосылады.