#qyzylordatv

«Қазақстан балалары» бағдарламасы Мемлекет басшысының Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы негізінде әзірленді.

 Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Бағдарлама балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған қолданыстағы тетіктерді біріктіреді. Сонымен қатар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтеді. Балалар мүддесіне бағдарланған саясатты дамытуға арналған бірыңғай мемлекеттік көзқарас қалыптастырады. Бағдарлама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді. «Қазақстан балалары» – кешенді әрі ұзақ мерзімді құжат. Балалардың қорғалуы мен қауіпсіздігі – негізгі басымдықтардың бірі. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында, - деп жазды Ерлан Қарин.

 ЕРЛАН ҚАРИН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ

Бағдарламаны іске асырудың 2026-2030 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспары жаңа 158 нақты шарадан тұрады. Жоспар балалардың құқықтық қорғалуын, қауіпсіздігін және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жоспар аясында денсаулық сақтауды қорғау, балалар инфрақұрылымын кеңейту, балалар маршрутына цифрлық сүйемелдеу жүйесін енгізу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және т.б. қарастырылған.