#qyzylordatv
Аймағымызда 196 кәсіпкер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірген.
Облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өкілі Нұрлыбек Бимырзаевтың айтуынша, былтыр 59 нарық субъектісіне тексеру жүргізіліп, соның қорытындысымен кәсіпкерлерге айыппұл салынған. Бұл жұмыстар бағаның негізсіз өсуінің алдын алуға бағытталды дейді сала өкілі.
Ал тұтынушылардан келіп түскен өтініштердің басым бөлігі бөлшек сауда, электрондық сауда және қоғамдық тамақтану салаларына тиесілі. Қаралған өтініштердің нәтижесінде тұтынушылардың пайдасына 21,2 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың қайтарылуына ықпал жасалған.
СНҰРЛЫБЕК БИМЫРЗАЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Есепті кезеңде департамент тарапынан Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасының сақталуына барлығы 196 кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 129 кәсіпкерлік субъектілерінен заң бұзушылықтар анықталды. Жалпы тексеру қорытындысымен Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес 29 кәсіпкерге ескерту, 23-нұсқама, 77 кәсіпкерге 1,4 млн.теңге көлемінде айыппұлдар салынды.