#qyzylordatv
Кеше кешкі уақыттан бастап Сырдың бас шаһарына қалың қар жауып, тұрғындар шат-шадыман күйге бөленді. Тіпті, темір тұлпар тізгіндегендердің өзі табиғаттың сыйын сағына күткендерін айтады. Ал, балалар ақ ұлпадан аққала жасап, шанамен сырғанап, асыр салып жүр. Қаңтардағы қалың қарды қала тұрғындары қалай қарсы алуда? Тілшіміз Дәулет Сағит айтып береді.
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Қыс қарымен көрікті. Кеше кешкі уақыттан бастап қаламызға қалың қар жауып, дала ақ ұлпаға оранды. Осы бір мезет қыстың тынысын сездіріп, тұрғындардың көңіліне ерекше көңіл-күй сыйлауда. Шанасын сүйреткен ата-аналардың, ақ қардан аққала жасаған балалардың қарасы қалың. Табиғаттың осынау тамашасын ешкім де қалт жібергісі келмейді.//