#qyzylordatv
Қызылордалық полицейлер бір тәуліктің ішінде ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 15 жүргізушіге көмектесті.
«Самара-Шымкент» тас жолында жолаушыларды тасымалдайтын «Спринтер» шағын автобустың жүргізушісі көктайғақтың салдарынан көлікті игере алмай, аударылған. Хабарлама түскен бойда полицейлер дереу көмекке келіп, көлікті орнынан тұрғызуға көмектескен.
Мұнан бөлек, тәртіп сақшылары жолдан шығып кеткен бірнеше жүк көлікгінің жүргізушілеріне жәрдемдесті. Осындай оқиғалар орын алмас үшін полицейлер алыс сапарға қамданарда ауа-райы болжамы мен жол қызметтерінің хабарламаларын мұқият қарап, сапарды жоспарлап шығуға кеңес береді. Сондай-ақ жолға шығардан бұрын көліктердің техникалық жағдайын тексеру керек екендігін де еске салады.