#qyzylordatv

Қыс мезгілінде балалардың тасымал қызметінде қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс. Өйткені қардың түсуі көлік қатынасына едәуір кедергі келтіруі ықтимал. Осы орайда, білім беру ұйымдары мен жеке мектептердің балаларды тасымалдайтын көліктеріне қатысты тексеру шаралары күшейді.

 Рейдтік тексеріс кезінде талапқа сай келмейтін бірнеше автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралын басқаруға уақытша шектеу қойылды. Жалпы, бүгінде Қызылорда қаласы бойынша 88 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның 61-і мемлекеттік, ал 27-і жеке мектеп. Оған қоса, 195 жекеменшік балабақша бар. Тасымал қызметі сол кәсіп иелерінің басқаруындағы мектеп пен балабақшаларда жүргізіледі. Алайда, көлік құралының барлығы дерлік талапқа сай келе бермейтіні анық. Сондықтан, қала әкімдігі мен полиция басқармасы бірлесіп, тексеріс шараларын тұрақты түрде жүргізуде қолға алып отыр.