#qyzylordatv
Сондай-ақ отырыста Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева қазіргі Конституцияның адами капитал жөніндегі 1-бабын толықтыруды, әрбір азаматтың әлеуетін ашуға жағдай жасауды ұсынды. Онда «адами капиталды, білім беруді, ғылымды, инновацияларды және мәдениетті мемлекет қызметінің стратегиялық негізі деп таниды» деп бекіту көзделген. Оған қоса Конституцияның преамбуласын, яғни алғы сөзін қайта жазуға қатысты мынадай ұсыныс айтты.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Конституцияның преамбуласы – жай ғана кіріспе емес, Ата заңның идеалық-моральдық өзегі. Ол – Конституцияның қабылдану мақсатын айқындап, елдің тарихи болмысын және ұлттық келбетін танытады. Мемлекеттің бағыт-бағдарын бекітеді әрі Конституцияның рухын түсінуге жол ашады. Сондықтан преамбула халқымыздың ғасырлар бойы тарихи жолын қамтып, еркіндік, әділдік, теңдік, бірлік және жауапкершілік сынды іргелі құндылықтарға сүйенуі тиіс.