#qyzylordatv
Мемлекеттік еңбек инспекторлары былтыр 348 құқық бұзушылық анықтаған. Бұл негізінен жалақыны және өзге де төлемдерді уақытылы төлемеумен байланысты болып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы жұмыс барысында 57 жазатайым оқиға тіркелген.
Былтыр департаментте жеке және заңды тұлғалардың 2124 өтініші қаралып, 517 жұмыскердің құқығы қорғалған. Ал анықталған заң бұзушылық нәтижесінде 2 тұлғаға «ескерту» түріндегі жаза қолданылып, жалпы сомасы 9,5 млн теңге айыппұл салынған. Жалақы мәселесі бойынша 5 жұмыскердің мәселесі қаралып, 2,8 млн теңге өндірілген.
БЕКТЕМІР ЖҰМАҒҰЛОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Өндірістік жарақаттар енді бұл жерде облыс көлеміндегі аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша көрсетілген. Ең көп 2025 жылы орын алған 34 жағдай Қызылорда қаласының көлемінде сосын Сырдария ауданында 9 жағдайға ұлғайып отыр. Жалпы 57 жағдай. 03:31 Еңбек ұжымдарындағы ахуал бойынша «АралТұз» АҚ Арал ауданында орналасқан 1260 адамдай жұмыс жасайтын үлкен кәсіпорынның бірі. «Қуатамлонмұнай» ЖШС, «Лунцзянь» ЖШС бұл мекемелер Жаңақорған ауданынан шебін тас таситын мекемелер. «Камаз» жүк көлігін аудаушылардың сондай шағымы болған жалақы берешегі туралы. Бұлардың барлығында жалақыны өсіру және тағы да басқа мәселелер бойынша қозғап келген. Бұл мәселелер облыс әкімдігі және министрліктің араласуымен тез арада қалпына келтіріліп, жұмысшылардың талап еткен мәселелері орындалып жатқан жағдайлары болды.