#qyzylordatv

Мәдениет әлемінен ақпар. Өнер орталығында облыстық симфония оркестрінің шығармашылық кеші өтті. Шарада әлемдік деңгейдегі классикалық шығармалар шырқалып, тыңдарман ерекше әсерге бөленді.

 Кейде әуенмен-ақ жүрек пернесін дөп басуға болады. Сөзсіз, эмоциясыз, тіпті мимикасыз-ақ нотаға түскен саз көңіл көгершінін еркін самғатады. Әртүрлі аспаптың толқынынан туған тамаша туындылар тыңдарманның жан азығы. Симфония оркестрінің концертінен Сыр жұртшылығы осындай аяулы әсерге бөленді. Кеште халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Ілияс Жидебай өнер көрсетіп, Сыр сахнасына жаңаша леп келгенін байқатты.