#qyzylordatv
Елімізде балық және балық өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Алайда су маржанын өсіріп, терең өңдеу әлі де жолға қойылмаған. Өңірде осы мәселеге байланысты білікті мамандардың қатысуымен семинар тренинг өтіп жатыр.
Семинар барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің аға оқытушысы Ерлан Кегенов тоғандар мен бассейндерде балықты қалай өсіруге болады, тіршілік иелерін оттегімен қалай қамтамасыз етеміз деген сұрақтарға жауап берді. Және балық қорын молайтып, өнім көлемін арттырудың тың тәсілдеріне тоқталды. Қазір елімізде балық шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан қолдау бар. Соны тиімді пайдалана білуіміз керек дейді,- ғалым.
ЕРЛАН КЕГЕНОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ \Негізгі мақсатым осы балық шаруашылығын дамыту .Соның саласында жүрмін өзім өмір бойы. Енді қазір міне Қызылордаға келіп отырмын.Қызылорданың балық шаруашылығын дамытайын деп осы жаққа жаңа технологиямен. 00:46 Қазір балықтың өнімі дефицит біздің өзіміздің нарықта. Соны енді көбейтейін деп жаңа технологиялармен осы жаққа алып келіп, тығыз бағу, қалай кислородты беру керек, тоғандарды қалай салу керек,бассейндармен балық бағуды. Болашақта бұйырса Қызылордада бекіре бағу технологиясын осы жаққа кіргізіп жатырмыз. Мемлекет жақтан көмек өте көп биыл мысалы мемлекет осы балық шаруашылығына 50млрд тай ақша бөліп жатыр. Субсидия бөлінеді. Біздің климат әр өңірде балық шаруашылығына жарамды тек ғана өз балығымен және кішкене білім болса дамиды деп ойлаймын.