#qyzylordatv
Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы өңірде жаңа заманауи кітапхана салынатынын айтты. Бұл бастама – цифрлы дәуірде де кітапханаға деген сұраныстың азаймағанын көрсетеді.
Цифрлы технологиялар дамығанымен, кітаптың құндылығы кеміген емес. Мәселен Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тұрақты оқырманы үзілген емес.
АЙГҮЛ ЖАНҒАБЫЛОВА - Ә.ТӘЖІБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Құрылтайда мемлекет басшысының ризашылығы Сыр еліне оң бағасын беріп өтті және биыл ғимаратымыз басталатыны тоқталып өтті. Жақсы жаңалықтарымызға қуанып жатырмыз. Биыл енді цифрлы форматқа байланысты көптеген жаңалықтарымыз болып жатыр. Біздің кітапханамызда цифрлы форматқа байланысты атқарылып жатқан кең көлемді жұмыстарымыз бар.//
Қазіргі таңда кітапхана қорындағы 9399 кітап, газет пен құжат цифрлық форматқа көшірілген. Электронды каталог 400 мыңнан аса басылыммен толыққан. Электронды жүйе арқылы оқырман қажет кітапты тез тауып, сипаттамасын және оқырман пікірін көре алады.
АҚБӨПЕ БАЙЫМБЕТОВА – АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСТІК СЕКТОРЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ //Бұл бөлімнің ең басты мақсаты -оқырмандарға ақпараттық технологияларды пайдаланып сапалы әрі жылдам қызмет көрсету болып табылады. Бұл бөлімнің ең басты жұмыстарының бірі кітаптарды және газеттерді сандық форматқа өткізу және оған QR-кодтар дайындалған. Біз бұл кітаптарды екіжақты авторлық келісімшартқа өткізу арқылы отырамыз. Одан кейін оны қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы kazneb порталына жібереміз, kitaphana.kz сайты жұмыс жасайды. Сирек кітаптар қорының да электронды нұсқасы осы сайт парақшасында енгізілген. Оқырмандарға онлайн режимде оқуға қолжетімді.//
Сонымен қатар, кітапханада цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа технологиялар бағытында семинарлар, оқыту тренингтері мен мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.