#qyzylordatv
Байқоңыр қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиында «Қылмыссыз өңір - кемел келешек кепілі», «Адал бала» профилактикалық жобаларының жүзеге асуы, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.
Байқоңыр қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде түрлі кездесулер, рейд жұмыстары өткізілуде. Нәтижесінде өткен жылдың қорытындысымен беймезгіл уақытта көшеде жүрген 156 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне шара көрілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше «жұлдызды қалашықта» кәмелекте толмағандармен жасалған қылмыс, интернет алаяқтық, бұзақылық деректері көбейген. Байқоңыр қаласының прокуратурасымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жол картасы бекітіліп, қазіргі күні тиісті жұмыстар атқарылуда.
ШЫҢҒЫС ЕСЖАНОВ, БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ \Жиында аймақтағы қылмыстық деңгей талқыланды. Нақты шаралар белгіленді. «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Байқоңыр қаласының прокуратурасымен әзірленген нақты іс-шаралар жоспары бекітілді....\