#qyzylordatv

Былтыр мемлекеттік мекемелермен берілген талап қоюлар бойынша 445 миллион теңгеден астам қаржы мемлекет кірісіне өндірілген.

 Бұл туралы журналистерге баспасөз брифингін өткізген облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бақытбек Елшібеков баяндап, сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарға тоқталды. Жалпы өткен жылы экономикалық сотқа 3410 талап қою, 316 азаматтық іс түскен. Соның ішінде 3262 азаматтық іс аяқталып отыр.

    Есептік кезеңде сот судьяларымен 62 азаматтық іс бойынша әр түрлі себеппен заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар мен мекеме қызметкерлеріне қатысты жеке ұйғарым қабылданған.