#qyzylordatv
Аймақтағы инновациялық экожүйені дамытушы негізгі орталық – «Kyzylorfa Hub» бизнес-инкубаторы биыл «AI-Movement» концепциясы аясында мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлер үшін арнайы «Al Bootcamp» білім бағдарламаларын ұйымдастырмақ. 4 күн ішінде қатысушылар генеративті жасанды интеллекті негіздерін меңгеріп, өз қызметтік қуаттылығын арттыруға мүмкіндік алады.
Өңірлік стартаптарды дамыту мақсатында қолға алынған білім бағдарламасы 2 негізгі бағыт бойынша жүзеге асады. Оның алғашқысы «Startub Joly» - технологиялық кәсіпкерлікке қадам басқысы келетін 16 жастан асқан кез келген азаматтың қатысуға мүмкіндігі бар. Ал, екінші «Startub Orda» бағытында қатысушылар 10 апта бойы семинарлардан өтіп, арнайы трекерлердің тегін консультациялық қызметін ала алады. Тағы бір жаңалық өңірде облыстық әкімдік және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қолдауымен IT жобаларды дамытатын «Tomorrow School» және «TUMO School» мектептері ашылмақ.
ЖАНАРЫС ТҮБЕКБАЕВ - «KYZYLORFA HUB» БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
«Tomorrow School» пертупир форматында оқушы өзі келіп онлайн платформада оқитын оқу орталығы. Астана қаласында ашылған. Егер жұмыстар сәтті аяқталса өңірімізде де бұл мектептер өз жұмысын бастайды. Жылына 150-ден астам студенттерді қамти алатын болады. Студент 24/7 форматында кез келген уақытында келіп, өзінің IT саласындағы түрлі бағыт бойынша оқи алады. «TUMO School» көбіне IT білімге көп жағдайда қол жеткізе алмайтын шалғай елді мекенде орналасқан балаларға арналған жоба...