#qyzylordatv
Қазалы ауданының әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге елді мекендерді аралап, халықпен кездесті. Тұрғындардың мәселесіне құлақ түріп, өтініш-тілегін тыңдады.
Бүгінде ауданда «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында «Қауіпсіз аудан», «Ішімдіксіз ауыл», «Қылмыссыз өңір - кемел болашақ», «Адал бала» сияқты бірқатар жобалар жүзеге асуда. Мақсат - тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қылмыстың алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру. Аудан прокуроры Мадияр Бекпанов осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
МАДИЯР БЕКПАНОВ, АУДАН ПРОКУРОРЫ \Ерекше аталатын жәйт, «Қылмыссыз өңір - кемел болашақ» жобасы. Бұл жоба аясында өңірімізде қылмыссыз, алкаголсіз ауылдар белгіленіп мақтан тұтатын үлгі болып танылуда....\
Ал, аудан әкімі Алмасбек Есмаханов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы бастамаларды баяндады. Кездесуде тұрғындар тарапынан тұрғын үй кезегі, жұмысқа орналасу, жол жөндеу, елді мекендердің электр желілерін қайта жаңғырту, мал ұрлығы, қоғамдық қауіпсіздік, жер дауы секілді өзекті мәселелер көтерілді. Жалпы қабылдауда елуге жуық азаматтың өтініші қаралып, заң аясында тиісті жауап берілді.
АРАЛБАЙ МӘМБЕТЖАНОВ, МАЙДАКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Өзімнің көкейімде жүрген сұрақтарымды қойдым. Толық қанағаттанарлық жауап алдым. Елдің тыныштығы, халықытң амандығы үшін жүрген азаматтарға амандық тілеймін...
ҚҰРАЛАЙ БЕКЖАНОВА, БЕКАРЫСТАН БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Ауылымыздың тыныштығын қалаймыз. Алкагольсіз тәртіпке көшіп жатыр екен көп аудандарда. Бізде оны қолдаймыз. Балаларымыз жақсы болып өсіп, рухани азық алып, тәртіп болғанын барлық ата-ана қосылады. Заң мен тәртіп қатаң болса барлығы жақсы болады деп ойлаймын