#qyzylordatv

Ата заң мәтінінің 84 пайызына өзгеріс енгізіледі. Түзетулер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстар негізінде дайындалған. Ең бастысы мемлекеттің біртұтастығы және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма еш өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Конституциялық реформа комиссиясының төртінші отырысында айтылды. Елдің негізгі тірегі саналатын маңызды құжатта қай мәселеге басымдық беріледі?