#qyzylordatv
Өңірде шахматтан Senat Open 2026 турнирінің үшінші ашық кубогы басталды. Қазақстан шахмат федерациясы мен Парламент Сенатының қолдауымен ұйымдастырылған турнир бірнеше кезеңнен тұрады. Жарыс барысында әр күндері әртүрлі сала өкілдері өзара бақ сынап, үздік ойыншылар келесі кезеңге жолдама алады.
Senat Open — шахматты тек спорттық жарыс ретінде емес, интеллектуалдық мәдениеттің бір бөлігі ретінде дамытуға бағытталған жоба.Турнирдің басты ерекшелігі – әртүрлі сала өкілдерін бір алаңда тоғыстырып, ой дәлдігі мен тактикалық шеберлікті сынау. Турнир бірнеше аптаға жоспарланып, кезең-кезеңімен өтеді. Мұнда стратегиялық ойлау, сабыр мен шешім қабылдау қабілеті сынға түседі. Биыл жарысқа мемлекеттік қызметкерлерден бастап, білім, медицина, мәдениет, құқық қорғау органдары, ардагерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.Турнир швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылып, әр кезеңнің нәтижесі бойынша үздік ойыншылар іріктеледі.
НҰРДОС ЕРЕЖЕП, SENAT OPEN 2026 ТУРНИРІНІҢ БАС ТӨРЕШІСІ Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ҚР парламенті сенатының 3ші ашық кубогы өткізілуде. Бүгінгі жарысқа мемлекеттік қызметкерлер қатысып жатыр. 70 тен астам мемлекеттік қызметкер тіркелді. Жарыс 9 турдан тұрады Швейцариялық жүйемен өтеді. Жарыс жеңімпазы анықталған шахмат федерациясының жүлделі ақша қорымен марапатталады. 1 / 4 финалға осы қатысушылардан 20 адам өтеді. Жарыс ішінен үздік бес ойыншыны және үздік 3 әйел кісіні марапаттаймыз. Биылғы жылдың ерекшелігі әр ведомство бөлек бөлек сайысқа түседі. Содан іріктеліп шыққан 20 ойыншы сәуір айында 1/4 ойында ойнайтын болады. Алғашқы күні біз денсаулық сақтау министрлігі, одан кейін білім қызметкерлері кеше құқық қорған органдары мен мәдениет саласы қызметкерлері ойнады.Әрі қарай ардагерлер және БАҚ өкілдері ойнайтын болады
Нұртөре Әділ - тілші
Senat Open турнирі биыл жаңартылған форматта ұйымдастырылып отыр.Бұған дейін жарыс үш сала өкілдері арасында бір мезетте өтсе, биыл қатысушылар қатары кеңейіп, жеті сала қамтылған. Енді әр сала арасында жекелеген турнир өтіп, жеңімпаздар жеке анықталады. Бұл өзгеріс бәсекелестікті арттырып, жарыстың әділ өтуіне мүмкіндік бермек.
АНАР ҚҰРМАНАЛИЕВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ
Осы шахматпен айналысқаныма 4 жылдың көлемінде болды.2025 жылы сенат оупен 2ші турниріне келдік. Ол кезде барлығы бірыңғай еді арадагерлер, ұлттық компаниялар бәрі бірге еді. Биылғы ережесіне күрделі өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлерді бөлек жарысқа шақырып отыр.
Ал Финалдық кезең дәстүрлі түрде тамыз айының соңында Астана қаласында өтетін болады. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл дода, шахматты зияткерлік спорт түрі ретінде кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.