#qyzylordatv

Былтыр өңірде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 52 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұнан бөлек мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында заңнаманың сақталуына жүргізілген бақылау нәтижесінде біршама заңбұзушылық анықталып отыр.

 Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 55 бақылау іс-шарасы өткізіліп, оның ішінде 14 жоспарлы, 32 жоспардан тыс және 9 тексеру мемлекеттік органдардың хабарламалары негізінде жүзеге асырылған.

 НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Жоспарлы, жоспардан тыс тексеру және байқау нәтижесінде жалпы 11744 бұзушылық анықталды. Осы 11744 бұзушылықтың 9544 бұзушылығы жергілікті атқарушы органдардан,2200 бұзушылық аумақтық департаменттерден анықталды. Енді осы бұзушылықтарға тоқталып өтейін 7999 бұзушылық қызмет көрсету тәртібін бұзу,2672 бұзушылық қызмет көрсету мерзімін бұзу,29 қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, бастарту мерзімдерін бұзу 318 бұзушылық анықталды, өзге де бұзушылықтар – 726 бұзушылық анықталып отыр.

 Заңбұзушылықтардың басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар тарапынан тіркелген. Тексеру нәтижесінде бірқатар қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.

НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 52 қызметкері тартылды. 25 жылдың қорытындысымен 43 мекемеде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мүдделі мемлекеттік органдармен ұйымдарға кемшіліктерді жою бойынша 22 ұсыныс енгізілді. Қоғамдық кеңестің 7 отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағыты бойынша 15 мәселе қарастырылып, 19 ұсыным берілді.

Тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты кемшіліктер анықталып, қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты шаралар қабылданды.