#qyzylordatv
Жаңа конституцияда «мемлекет адамнан жоғары» деген ескі логикадан бас тартып, «мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз. Комиссияның отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осылай деді.
Бұдан бөлек әлемде әртүрлі ұлттық идеялар қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, «америкалық арман», еуропалық әл-ауқат үлгісі, азиялық экономикалық керемет секілді тұжырымдамалар бар. Ал біздің ата заңда азаматтың құқықтары мен еріктері ең маңызды құндылық ретінде бекітіледі.
МҰРАТ ӘБЕНОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ
Біздің жолымыз – әділдік жолы. Біз осы ұстанымды Конституцияға жазып жатырмыз. Бұл философия Жаңа Конституцияның әрбір тармағына енген. Ол адам құқықтарын күшейтеді, отбасы мен дәстүрлі құндылықтарды қорғайды, мемлекеттің жауапкершілігін айқын көрсетеді.+. Яғни біз «мемлекет адамнан жоғары» деген ескі логикадан бас тартып, «мемлекет – адам үшін» деген жаңа бағытты таңдаймыз.