#qyzylordatv
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты жылжымалы көрме ашылды. Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ шараға Бауыржан Момышұлының немере інісі арнайы келіп, батырдың өмірі мен ерлік жолына қатысты тағылымды пікір білдірді.
Көрмеде Бауыржан Момышұлынының 90 жылдық мерейтойына орай берілген жұлдыздың көшірмесі, ұлттық музейде сақталған жеке қылышының көшірмесі мен өзі қолданған маузер қаруы, тұрмыстық заттары мен кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.
БЕКЕТ МОМЫНҚҰЛ - БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ
Жамбыл облысының тұлғаларының заттарын алып келіп , көрсетейік елмен таныстырайық деген. 1941 жылы жылы Бауыржан бар болғаны 31 жаста Мәскеу түбіндегі шайқаста өзінің ерлігін көрсетті . Ал Бауыржан арқылы сол кезде бүкіл жүзі қазақ елін таныды. 1932 жылы Бауыржан бірінші рет әскерге шақырылды, қиыр шығысқа барып , одан кейін Ұлы Отан соғысы басталды . Сібірге барды , Каленнинде қызмет атқарды , қасында осы чемодан жүрді, чемоданды бала кезімізді ұстап жүргенін көрдік .
Тілші: Көрменің негізгі мақсаты – көпшілікті ұлттық тарихымыздың асыл қазыналарымен таныстырып, елдік пен ерлік, өнер мен еңбек арқылы қалыптасқан тұлғалардың өнегелі мұрасын дәріптеу. Әрі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар көрмені аудандарда да ұйымдастыру арқылы ұлттық құндылықтарды өңірлік деңгейде насихаттау көзделіп отыр.
НҰРЗАТ ӘМІРБЕК - ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ- ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ
Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына ! Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Тарихта таңбалаған Әулиеата» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылып отыр. Бұл көрмеде Жамбыл жерінде туылып ,сол ел руханиятымен тарихына үлес қосқан тұлғалардың жеке заттары , фотосуреттері,архивтік құжаттар, сирек кездесетін жәдігерлерді алып келіп жатырмыз. Атап өтетін болсақ, Ықылас Дүкенұлы, Кенен Әзірбаев, Жазылбек Қуанышбаев және кино әлемінің саңлағы Асанәлі Әшімов және де Әбдімомын Желдібаевты әкеліп отырмыз . Кеңес одағының батыры көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлының да жеке заттарын әкеліп отырмыз. Ерекше жәдігерлердің бірі – Бауыржан Момышұлының өзі соғыста пайдаланған маузер пистолетін айта аламыз.
ЖАННАТ АХМЕТОВА - ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай , сонымен қатар екі өңірдің мәдениет саласын дамыту серіктестік жоба аясында керемет көрме ұйымдастырылып отыр. Біздің облыстық тарихи- өлкетану музейінің өзінің музейлік жобасы бар. Бұл жоба «МУЗЕЙ TOUR: ЭКСПОНАТТАР ЭКСПЕДИЦИЯСЫ» деп аталады. Жобаның негізгі мақсаты-әр облыстардағы музейлермен бірлескен серіктестік жобаларды жалғастыру сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында әр өңірдің тарихын Сыр жұртшылығына насихаттау болып отыр. Әр өңірден музейлер келіп,осындай өздерінің көрмелерін ұйымдастырады .
Жылжымалы көрме көпшілік назарына 13 ақпанға дейін ұсынылады.