#qyzylordatv

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті терроризмге қарсы орталығының мамандары «Арай сити мол» сауда, ойын-сауық орталығының қызметкерлеріне дәріс өткізді. Мақсат – террористік тұрғыдан осал объектіде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, оқыс оқиғалардың алдын алу.

 Террористік әрекеттер көбінесе халық жиі шоғырланатын базар, вокзал маңы, ойын-сауық орталықтарында, денсаулық, білім беру мекемелерінде болады. Сондықтан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері террористік тұрғыдан осал обектілерге барып, дәрістер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. «Арай сити мол» сауда, ойын-сауық орталығында өткен шарада облыстық полиция департаменті «Арлан» арнайы жасағының қызметкері жарылғыш заттардың түрлерімен таныстырды. Сондай-ақ күдікті заттарды анықтағанда күзет қызметкерлері қандай әрекет жасау керек, кімге хабарласу керек, жалпы алғашқы алгоритмі қандай деген сұрақтарға жауап берді.

 АЛМАЗ МАРАТ, ҰҚК ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖӘНЕ БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРІ

  Алгоритмге сәйкес бізде 12 сценарий бар. Соған сәйкес әрекет ету керек. Мысалыға жарылғыш зат тапқан кезде оны ұстамау керек, ең алғаш сұрастыру жұмыстарын жүргізу керек, бейнекамера арқылы кімнің қалдырып кеткенін іздестіру керек. Ол болмаған жағдайда күдікті зат екеніне көзі жетіп тұрған жағдайда бірден басшылыққа немесе құзырлы органдарға хабар беру керек. Әрі қарай эвакуация жұмыстарын іске асыру керек. Террористік тұрғыдан осал обектілерге алдағы уақытта дәрістер, семинар, тренингтер өткізілетін болады