#qyzylordatv

Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті былтыр жүргізген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қаржының мақсатты жұмсалуында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Ербол Күзембаев мәлімдеді.

 Аудит қорытындысы бойынша, мемлекеттік сатып алу және қаржы-шаруашылық қызмет барысында заң талаптарының сақталмауы жиі кездескен. Анықталған бұзушылықтар бойынша бірнеше материал құқық қорғау органдарына жолданып, кейбір фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалған. Департамент басшысы алдын алу шараларының маңыздылығын да атап өтті. Оның пікірінше, әрбір мекеме басшысы өз жауапкершілігін түсініп, қаржыны игеру барысында заң талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Бюджет қаржысы – халықтың аманаты болғандықтан, бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Қаржы министрлігі енгізген онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі арқылы да тәуекелі жоғары төлемдер дер кезінде бақылауға алынған. Бұл да қаржының мақсатты жұмсалуына мүмкіндік береді.