#qyzylordatv
Қолға алынған реформа – Президенттің еліміздегі саяси жүйені терең және жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Бірқатар сарапшылармен Ата заңның жаңа жобасын талқылаған Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді.
Оның айтуынша, Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және орнықты даму бағдарына негізделген. Жиынға қатысушылар Конституция жобасы мәні жағынан елдің даму философиясын жаңартып, мемлекеттіліктің жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екеніне тоқталды. Сондай-ақ Конституциялық комиссия жұмысы ашық әрі жария түрде жүргізіліп, қоғамда қызу талқыланып жатқаны да айтылды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси жүйені терең және жүйелі жаңғырту бастамасынан туындаған маңызды шешім. Бұл жоспарлы, ойластырылған және ұзақ мерзімге бағытталған қадам. Реформаның басты мақсаты – әділетті Қазақстанның жаңа Конституциялық моделін қалыптастыру. Сол арқылы әділдікке, заң үстемділігіне және тең мүмкіндікке негізделген мемлекет құру көзделіп отыр
ЖАНЕРКЕ ҚАЙРАТҚЫЗЫ – САЯСАТТАНУШЫ
Мемлекетіміздің негізгі принциптері ол унитарлық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет. Оның бәрі өзгеріссіз қалды. Басты құндылық адам, ол да өзгеріссіз қалды. Ал, енді қазір заман талабына сай бізге жаңа нормаларды енгізу керек болып тұр. Басты айырмашылық осыда. Сонымен қатар үлкен Парламенттік реформа . Бұның бәрі Конституциядла қамтылуы керек. Өйткені Конституция біздің мемлекеттік құрылымымыздың қандай билік тармақтары нақты әрекет ететін көрсетуі керек. Негізгі өзгеріс осы біздің билік тармақтарына қатысты