#qyzylordatv
Қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Күн қайда асығасың?» атты әдеби-сазды рухани кеш өтті. Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған кеш мазмұны ақын мұрасын заманауи форматта танытуымен ерекшеленді.
Мұқағали – жүрекпен сөйлеген ақын. Оның жырлары уақыт озған сайын жаңғырып, жаңа буынның жан дүниесіне жақындай түседі. Рухани басқосу да поэзияны оқу ғана емес, сезіну, түйсіну, қайта жаңғырту сипатында өрбіді. Ақын өмірі мен шығармашылығына құрылған театрландырылған қойылым, заманауи үлгіде жасақталған кітап көрмесі, жас буынның тебірене оқыған жырлары – барлығы бір арнада тоғысты.
АЙЖАН БОЛАТҚЫЗЫ - КІТАПХАНАШЫ
барлығымызға белгілі, қазақ халқының хантәңірлі мұзбалақ ақын ақыны, қайтып туылмайтын ерекше талант иесі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай осы қалалық 19шы кітапхананың ұйымдастыруымен жастарымызға арналған поэзиялық жыр кеші өтіп жатыр.Бұл шарамыздың маұқсаты жастарға біртума талантымыздың поэзияларын жатқа оқытып насихаттау. Яңни жылдан жылға ғасырдан ғасырға жырлана бермек ақынымыздың поэзияларын кітаптарын көптеген шығармаларын насихаттау//
Әдеби-сазды кеште жастар поэзияны тек жатқа оқумен шектелмей, әнмен әрлеп, сахналық көрініспен астастырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
АРУНА ӘБІЛХАН, СТУДЕНТ
Біз М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттеріміз осы әдеби сазды кешке өзіміздің өнерімізді паш етуге келіп тұрмыз
НҰРАРУ ӨМІРЗАҚ – СТУДЕНТ
Бүгінгі М Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойында Ақжол Түменбай ағамызбен бірге қызмет ету біз үшін үлкен мәртебе. Бүгінгі кеште тек қана М Мақатевтың поэзиясымен ғана емес сонымен қатар оны әуезді әнмен әсерлейтін боламыз. Көзі қарақты көрерменге керемет кеш болсын деп тілейміз.
Жырдың ғұмыры ұзақ. Ал оны жаңаша таныта алған жастардың ықыласы – сол ғұмырды жалғайтын көпір іспетті. Мұқағали поэзиясы тағы бір мәрте жас жүректермен үндесіп, рухани сабақтастықтың үзілмейтінін айқындады.