#qyzylordatv
Қызылорда облысында биыл 29 ауылдық округтің әкімі жаңадан сайланады. Соның алғашқысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде өтті.
Аудан орталығы саналатын елді мекенге әкім болуға 3 кандидат тіркелген. Дауыс беру құқығына ие 7376 сайлаушының 65 пайызға жуығы дауыс беру процесіне қатысып, өз таңдауын жасаған. Нәтижесінде көп дауыс жинаған Нұржан Бисембаев Тереңөзек кентінің әкімі болып сайланды. Заң бойынша ауыл әкімдері 4 жыл мерзімге сайланады. Жалпы былтыр өңірде 56 кент пен ауыл әкімі сайланған.
АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН - АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Биыл Қызылорда облысы бойынша 29 әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталады. Соған сәйкес 29 ауылда әкім сайлауы ұйымдастырылады. Осы кезде қазір 2 ауылдық округ бойынша науқан басталып кетті. Қалған 27 ауылдық округы өзінің мерзімінде 4 жыл мерзімі болған кезде сайлау процесі ұйымдастырылады.