#qyzylordatv
Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум үстіміздегі жылдың 15 наурызында өтеді. Айта кетейік, бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Ата Заңның соңғы өзгерістер енгізілген нұсқасы жарияланды. Дауыс беруге «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылады.
Референдумды дайындау және өткізу міндеті Референдумның орталық комиссиясының функцияларын атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Орталық сайлау комиссиясымен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.