#qyzylordatv
Қосшыңырау ауылдық округінде халықты жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Бұл туралы ауыл әкімі Сейдуәли Әбдіқадыров баспасөз жиынында мәлімдеді.
Ауылдық округте бүгінде үш жарым мыңнан астам адам тұрады. Ал экономикалық белсенді халық саны 1600-ден асады. Олардың ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 586-ны құраса, жыл басынан бері төрт адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.
СЕЙДУӘЛИ ӘБДІҚАДЫРОВ – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ
2025 жылы ауылдық округ тұрғындарында ұлттық жоба аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары арқылы жастар практикасымен, 21 адам қоғамдық жұмысқа, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылды.
Мемлекеттік қолдау нәтижесінде округте шағын және орта кәсіпкерлік те дамып келеді. Бүгінде 371 шағын кәсіпкерлік нысан тіркелген. Биылдың өзінде 26 жоба мақұлданып, 270 миллион теңгеден астам қаржы игерілді.
СЕЙДУӘЛИ ӘБДІҚАДЫРОВ – ҚОСШЫҢЫРАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ
Инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша 2025 жылы Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Досан елді мекенінде талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Жобаның жалпы құны 339 млн теңге. Сондай-ақ Досан ауылында құны 49,2 млн теңгеге көшелерге қиыршықтас төселді.
Елді мекенде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бес жоба мақұлданған. Олар наубайхана, пеноблок өндіру, асыл тұқымды жылқы өсіру, құрылыс материалдары мен ауыл шаруашылығына қатысты жобалар. Ал кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 13 жоба қолдау тауып, қайтарымсыз грант берілген.