#qyzylordatv
Әскери ережеде әрбір сарбазға қару-жарақ ресми түрде беріліп, жеке жауапкершілікке бекітіледі. Сондықтан 55 те 47 әскери бөліміне бір ай бұрын қабылданған 114 жас сарбазға қару табысталды.
Жас сарбаздар бір ай бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге келген. Содан бері темірдей тәртіп: тұрақтылық пен төзімділікке, сабырлыққа тәрбиеленген. Оны жас жауынгерлердің жанарынан аңғарасың. Қимылдары да шираған. Енді, міне қолдарына қару алған жігіттердің бойында жігер пайда болды.
Осылайша жас жауынгерлер өзіне бекітілген қару-жарақты қабылдау арқылы жауынгерлік кезекшілікке, оқу-жаттығу сабақтарына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметтерге қатысуға мүмкіндік алды.
Сарбаздарға енді әскери нысандарды күзету, патрульдік қызмет атқару, жауынгерлік даярлыққа қатысу және берілген тапсырмаларды сапалы орындау міндеттері жүктеледі.