#qyzylordatv
Қарауылтөбе ауылдық округінде былтыр әлеуметтік, кәсіпкерлік және инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды. Бюджет көлемі 220,8 млн теңгеге жетіп, салық түсімі жоспардағыдан жоғары орындалды.
Округте 136 кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жаңа жобалар қолдау тапқан. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млн теңгені құрайтын 1 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант арқылы 3 жобаға 4,7 млн теңге бөлінген. Көшелер жарықтандырылып, балалар ойын алаңы салынды. Мектептің жылу жүйесі жаңартылып, аяқ су мәселесі шешілді. Биыл дәрігерлік амбулатория салынып, электр желілері жүргізілмек.
ҚОЙШЫБАЙ ЖҮСІПОВ, ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Бізде дәрігерлік амбулатория құрылысы Қарауылтөбе ауылдфқ округі бойынша 3 мың шаршы метрге жер учаскесі табысталып, құжаттар рәсімделді. Қазіргі таңда, аталған жоба бойынша «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» арқылы жоба құны 357,9 млн. тенгені құрайтын ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Алдағы уақытта тиісті басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.