#qyzylordatv
Сыр елінің жас спортшысы халықаралық турнирден олжалы оралды. 13 жастағы Айдарбек Әлем-Би үстел теннисінен өткен турнирде қола жүлдені иеленді.
Өзбекстанның Самарқанд қаласында жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнир өтті. Додаға Орталық Азия елдерінен 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында Айдарбек Әлем-Би бірнеше кезеңнен сүрінбей өтіп, финалдық жолдама үшін тартысты матч өткізді. Қарсыластарының осал тұсын дәл тапқан жас спортшы шеберлігі мен табандылығының арқасында үздік үштікті түйіндеп, ел қоржынына қола жүлде салды. Айта кетейік, Айдарбек Әлем-Би – Алматы қаласындағы республикалық «Шаңырақ» спорт интернатына қабылданған алғашқы қызылордалық спортшы.