#qyzylordatv

Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін. Бекеттердегі қауіпсіздікті нығайту үшін осындай талаптар енгізілмек. Мәжіліс депутаттары газ бен автогаз қоймасына қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа құжатта қандай ұсыныстар енгізілді?

 Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін. Ал, қазір жұмыс істеп тұрғандарына 5 жыл уақыт беріледі. Сол уақытқа дейін бекеттер қоймаларын жер астына орналастырулары керек.

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Жаңа автогаз құю станциялары үшін сыйымдылықтарды жер астына орналастыруды міндеттеу; қолданыстағы станциялар үшін 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін сыйымдылықтарды жер астына көшіру жөнінде өтпелі кезең белгілеу; заңнамада белгіленбеген орындарда көлік құралдары мен тұрмыстық баллондарды газбен толтыруға тыйым салу ұсынылады.

Мақсат - автогаз құю бекеттерінің қауіпсіздік талаптарын күшейту. Алаңдауға негіз бар. Былтыр ғана Түркістан және Атырау облыстарындағы автогаз нысандарында жарылыс болып, адамдардың қаза табу фактісі тіркелді. Қазір еліміздегі 3 мың бекеттің 90 пайызы газды жер үстінде сақтайды екен. Ал, делдалдарды болдырмау мақсатында көгілдір отынмен қамтамасыз ететін компанияларға нақты талап қойылады.