#qyzylordatv
Қазалы ауданының әкімі құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындарды қабылдады. «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы шарада азаматтар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өтініш, тілектерін жеткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан үй кезегі, денсаулық жағдайы, тұрақты жұмысқа орналасу, жол жөндеу және жарықтандыруға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Азаматтардың өтінішін тыңдаған аудан әкімі көпшіліктің көкейіндегі түйткілдер заң аясында, кезең кезеңмен шешілетіндігін айтты. Мәселен, Ақсуат елді мекенін газдандыруға байланысты жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткен. Тиісті қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстары басталады.