#qyzylordatv
Аймақта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында құқықбұзушылықты автоматты түрде анықтайтын 120 құрылғы штаттық режимде жұмыс істеуде.
Аталған құрылығылардың көмегімен 7 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Қосымша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сұңқар» автоматтандырылған құрылғысының 10 данасы қала аумағындағы негізгі көшелер мен қиылыстарға орнатылған.
НҮРКЕН БАҚТИЯРОВ – ОПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұдан бөлек алдағы уақытта қиылыстарға, сонымен қатар жылдамдық өлшегіш құрылғыларының 71 данасы орнатылды. Қазіргі таңда іске қосу жұмыстарын аяқталуға жақын қалды. Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықта 6 дана стационарлық аралықта орналасқан, яғни «Қазавтажол» аркаларына орналасқан жылдамдық өлшегіш құрылғылар қосылды. Аталған аралықтарда орташа жылдамдықты өлшеу қазіргі таңда есептеу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша бұл да жақын арада екі арақашықтықтың орташа жылдамдығын есептеу бойынша іске қосылады. Қазіргі таңда жылдамдық өлшеуіш құрылғылары жұмыс атқаруда. Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына дейінгі аралықта 100 км/сағ жылдамдық болатын болса, аталған жылдамдықты асырған жағдайда сол стационарлы орындарды ғана жылдамдықты асыру дерегі бойынша құқықбұзушылық тіркеледі.
Сонымен қатар, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бақылауды күшейту мақсатында жақын орналасқан 32 елді мекеннің учаскелік полиция инспекторлары қызметтік автокөліктерімен күн сайын 12:00–13:00 аралығында және 19:00–22:00 аралығында қосымша күш ретінде кезекшілікке ПП ротасының қызметерлерінің қасын қосымша күш көмектерін көрсетуде//