#qyzylordatv
Өңірде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар күшейтілді.
Қала аумағында кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және түнгі уақытта олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Іс-шараға полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, депутаттар және білім саласының мамандары тартылған. Жалпы 10 арнайы топ құрылып, жұмысқа кіріскен.
ДІЛМҰХАММЕД АБИЗОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірінші кезекте біз жасөпірімдердің түнгі ойын-сауық клубтарында, компьютерлік клубтарында сағат 10 нан кейін болмау мақсатында түнгі 10-нан кейін және де ойын-сауық клубтарында азоттық дейміз қазір өзі жастардың көп пайдаланатын сондай заттарды пайдаланбас үшін жұмыстар жүріп жатыр және күшейтіліп жатыр. Қазіргі таңда аптаның 7 күнінде рейдтік шаралар ұйымдастырылып жатыр қаланың әр аумағында өздерінің топтарын белгілеген аумақатармен жұмыс жасалып жатыр.
Рейд барысында түнгі ойын-сауық және компьютерлік клубтар ерекше бақылауға алынды. Тексеру кезінде бірқатар ойын-сауық мекемелерінде заң талаптарының сақталуы тексеріліп, анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Мәселен ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта жүрген 17 жастағы жасөспірім тіркелді.
ДАМИР АХМЕТУЛЛА, ҚПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Яғни, Арлан ойын-сауық мекемесінде кәмелет жасқа толмаған жасөпірім анықталды.Сол жөнінде айыппұл шарасын көрдік яғни 442-баптың 1 бөлігіде көрсетілгендей 22.00-ден таңғы сағат 6.00 ге дейін жасөспірім бала ата-анасыз заңды өкілінің еруінсіз тиым салынған.Сол жөнінде шарасын көрдік ойын-сауық мекемесіне. Яғни, оның ИП-сына хаттама рәсімдейміз. Егер ИП-сы анықталмаған жағдайда біз налогқа жолдаймыз. Жасөпірім балаға ата-анасын шақырып шарасын көреміз.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.