#qyzylordatv
Бүгін әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда кеңес мүшелері күн тәртібінде ұсынылған алты мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдады. Сондай-ақ, кеңесте биыл атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы жоспарлар пысықталды.
Жиында ең алдымен әдеп жөніндегі кеңестің 2025 жылғы 12-ші желтоқсанындағы отырысында қабылданған шешімдердің орындалу жайы баяндалды. Мұнан кейін, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің былтыр атқарған жұмыстары тыңдалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты екі аумақтық инспекцияның Әдеп жөніндегі уәкілдері есеп беріп, азаматтарды қабылдау, көтерілген мәселелер мен қабылданған шараларды талқыға салды. Басқосуда әр тоқсан сайын жүргізілетін мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибелері де сөз болды. Облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Талғат Нұртаевтың айтуынша, былтырғы жылдың талдау нәтижесімен 112 мемлекеттік қызметшіге «ескерту», 16-на «сөгіс», 8-не «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылған.