#qyzylordatv
Облыс аумағында болған өрттердің 23,7 пайызы автокөлікпен байланысты. Мамандардың айтуынша, тілсіз жау көбіне техникалық ақаулар мен қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан туындайды.
Жыл басынан бері аймақта 38 өрт оқиғасы тіркелген. Оның ішінде тоғызы автокөліктегі өрт.
БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Кешегі күннің өзінде осы Арал ауданындағы автокөліктің жану оқиғасы салдарынан 3 адамның күйік шалу дәрежесімен қазіргі уақытта ауруханада жатқызылу дерегі тіркеліп отыр. Жалпы айтқанда болып жатқан өрттердің пайызбен есептейтін болсақ, 23,7 пайызы осы автокөліктердегі өрттердің орын алып отыр. Оған шығынына есептейтін болсақ, 3 млнға жуық шығын келіп отыр. Басым көпшілігі автокөліктердегі өрттің салдарынан көліктерге жүргізілген электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан, одан қалды техникалық байқау және де басқа осы күтім жасалатын автокөліктердегі негізгі жұмыстардың жүргізілмеуінен туындап отыр.
Кейінгі жылдары электр тоғымен жүретін, яғни электромобильдерде өрт көп тіркелуде. Мұндай көліктегі оқыс жағдай құтқарушыларға да қиындық тудырады. Электр сымдарына, басқа да тоқ көздеріне су шашу өрттің одан сайын ұлғаюына әсер етеді. Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаментінде және аудандық бөліністерінде рейдтік іс шаралар мен акциялар өткізілуде.